Әлеумет

Бір аптада іздеуде жүрген 38 қылмыскер ұстады

ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері басқа қызметтермен өзара іс–қимыл жасаса отырып, іздеуде жүрген 38 қылмыскерді ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Қызылорда облысының ПД қызметкерлері облыстың 42 жастағы тумасын ұстады. Ол 2017-2021 жылдар аралығында ЖШС құрылтайшысы бола тұра, серіктестік шоттарынан 87 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденіп, жұмсаған.

Шымкент қаласына жақын жерде полицейлер жедел іздестіру іс-шаралын жүргізу кезінде 2015 жылы Түркістан облысы Арыс ауданының аумағында болған атысқа қатысқан күдіктіні ұстады. Атыс салдарынан бір адам қаза тауып, 3 адам жарақат алған. Ұсталған адам ҮҰ-ға қамалды.

Сонымен қатар жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде шетелдік әріптестер іздестіріп жатқан 13 қылмыскер ұсталды.

Астана халықаралық әуежайында полиция шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, өзбекстандық азаматты ұстады. Ол 2022 жылғы желтоқсанда Өзбекстанның Уйчин ауданында таныстарымен бірге алдау арқылы аудан тұрғынына құны 25 млн сом (1 млн тг) несие ресімдеуін сұраған, ал ақшаны өздерінің қажеттіліктеріне жұмсап, жасырынған.

Одан бөлек, бір аптаның ішінде ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 31 адамның жүрген жерін анықтады.

-->

Мәселен, Алматы халықаралық әуежайында көліктегі полиция департаменті қызметкерлері шекара қызметкерлерімен бірлесіп, 2023 жылғы қыркүйекте Сауд Арабиясы Эр-Рияд қаласының сауда орталықтарының бірінен жалпы сомасы 835 мың сауд реалы (99,1 млн теңге) болатын зергерлік бұйымдарды ұрлаған ҚХР азаматын ұстады.

Елорда полицейлері Астанада 25 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Ол 2023 жылы Өзбекстанның Сұрқандария облысында таныстарымен бірге жергілікті тұрғынды алдау және оның сенімін теріс пайдалану арқылы құны 164 млн сом (5,8 млн теңге) тұратын Cobalt көлігін несиеге ресімдеуге көндірген. Алдау арқылы көлікті басқа адамға 120 млн сомға (4,2 млн теңге) сатып жіберген, - делінген ІІМ ақпаратында.