Әлеумет

Павлодарлық тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегі бостандыққа шықты

Павлодарлық тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегі бостандыққа шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Сонымен қатар ол Руза Бейсенбайтегінің қазір үйінде екенін және көпшілікке алғыс айтқанын жеткізді. Сондай-ақ депутат тіл жанашырының тағдырымен ойнап, заңсыздыққа барған адамдар да жазасыз қалмауы керектігін атап өтті.   

-->

«Қазақ тілін қорғаған Руза Бейсенбайтегін ел де қорғап қалды! Айдың-күннің аманында аймаңдай Руза апайымызды жоғалтып алып, төтенше жағдайда өткен күндеріміз де артта қалды. Қазақ тілінің қорғаны Руза апайымыз ортамызға оралды. Кешегі бір күніміз бен түніміз биліктегі жауапты тұлғалармен сөйлесуге кетті. Кереку өңірі басшыларымен де сөзіміз аз болған жоқ. Ақыры, әділеттілік орнады. Қазақтың қайсар қызы, Қазақ тілінің жанкешті күрескері Руза Бейсенбайтегі апайымыз бүгін бостандыққа шықты! Қазақ тілі бостандыққа шықты десек те болады!», - деп жазды депутат. 

Сонымен қатар ол Руза Бейсенбайтегінің қазір үйінде екенін және көпшілікке алғыс айтқанын жеткізді. Сондай-ақ депутат тіл жанашырының тағдырымен ойнап, заңсыздыққа барған адамдар да жазасыз қалмауы керектігін атап өтті.   

«Тал түсте төбемізден жай түскендей болған жайсыз оқиғаның жақсылықпен аяқталуына өз үлестерін қосқан қалың елдің қайратына ризамын. Қиындықтан шығу үшін бір жұдырық болып жұмыла білген жұртқа алғысымыз шексіз! Қазақ тілін қорғаған Руза апайды ел де қорғап қалды! Өйткені таразыда тек адам тағдыры ғана емес, Тіл тағдыры - Ел тағдыры тұрды! Алғашқы  күннен бірден қолдаған бір топ депутат әріптестеріме де ризамын. Сонымен қатар биліктегі жаңаша ойлай бастаған көкірегі ояу, көзі ашық азаматтарға көп рахмет! Билікте де жаңа тұрпатты жауапты тұлғалар бар екеніне көз жеткіздік. Егер адам бұрын-соңды ми жүйкесі ауыруымен  ауырып, арнайы есепке алынбаған болса, оны сот шешімінсіз бірден психоневрологиялық диспансерге, яғни жындыханаға мәжбүрлеп қамап тастауға ешкімнің құқы жоқ, бұл заңды бұзу! Енді осы заңсыздыққа барғандар жауапқа тартылуы тиіс!», -деді Қазыбек Иса.