Павлодарда оқушыны шегемен түрткен мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Павлодарлық полиция оқушыны шегемен түрткен мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Elordainfo.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға сыныптағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Қалалық білім бөлімі таратқан ақпаратқа сәйкес, бейнежазбада мұғалімнің шкафқа жақындап, бұрамашегені алып, оқушыны түрткен сәті тіркелген. Оқиғадан кейін мектеп әкімшілігі мұғалімді жұмыстан шығарып жіберді.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған адамға күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.