Отыз жыл мемлекет қазынасын тонаған жемқорлардың дүниелерін мемлекетке қайтарамыз – Абзал Құспан
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Бас прокурор Берік Асыловқа сауал жолдады, деп хабарлады Elorda.info Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Абзал Құспан депутаттық сауалда осымен үндес, Қазақстан азаматтарына қатысты ауқымды әлеуметтік маңызы бар мәселе екенін айтты.
Ол атағандай, шетел асқан Қазақстан қазынасын іздестіреміз десек, негізгі назарымызды осы өңірге және әлемдегі ең ірі 5 мұнай кен орнының бірі – Теңіз айлағына аударуымыз керек.
-->Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Бас прокурор Берік Асыловқа сауал жолдады, деп хабарлады Elorda.info Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Қазір Парламент қабырғасында депутаттар бастамасымен кезінде заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтаруға бағытталған, халқымыз үшін аса маңызды заң жобасы қаралуда. Осы заң арқылы біз отыз жыл бойы мемлекет қазынасын тонаған, еліміздің, халқымыздың болашағын ұрлаған жемқорларды жауапкершілікке тартып, олардың жасырған, шетел асырған дүниелерін мемлекетке қайтаруды мақсат тұтып отырмыз, - деді ол.
Абзал Құспан депутаттық сауалда осымен үндес, Қазақстан азаматтарына қатысты ауқымды әлеуметтік маңызы бар мәселе екенін айтты.
Қазақстан бойынша бюджетке ең көп қаржы аударатын өңірлерден Атырау облысы донор есебінде бірінші орында тұр, Қазақстанда қызмет етіп жатқан шетелдік үлесі бар компаниялар ішінен ең көп салық төлеуші ретінде ТШО, яғни «ТеңізШеврОйл» компаниясы танылғаны белгілі. Жақында ғана компания өзінің Қазақстан нарығындағы қызметінің отыз жылдығын атап өтті, осы уақыт ішінде ол Қазақстан қазынасына 176 млрд доллар қаржы құйған, - деді ол.
Ол атағандай, шетел асқан Қазақстан қазынасын іздестіреміз десек, негізгі назарымызды осы өңірге және әлемдегі ең ірі 5 мұнай кен орнының бірі – Теңіз айлағына аударуымыз керек.
Өкінішке қарай, отыз жыл бойы осындай ірі, алпауыт компаниялар айналасында репутациясы күмән тудыратын әртүрлі деңгейдегі қазақстандық және шетелдік фирмалар қаптап кеткен. Кейбір деректер бойынша ондай фирмалардың саны мыңдап саналады. Олардың міндетіне қызмет көрсету, жұмыс жасау емес, ТШО сияқты алпауыт компаниялардан ірі тапсырыстар алып, оның аз бөлігін қазақстандық компанияларға бөліп, қалған ірі бөлігін шетелге заңсыз шығару кіреді, - деді Мәжіліс депутаты.