Әлеумет

Отбасы банкі тіс емдеу бойынша өтінімдерді қабылдауды тоқтатады

Отбасы банкі 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап зейнетақы жинақтарының артығын стоматологиялық емге пайдалану бойынша өтінімдерді қабылдауды тоқтатады, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Отбасы банкі 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz онлайн платформасында стоматологиялық қызметтерге төлем жасау үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану жөніндегі өтінімдерді қабылдау тоқтатылатынын мәлімдеді.

Ал осы күнге дейін берілген барлық өтінімдер жалпы тәртіппен қаралып, өңделеді.

Қаржы ұйымы зейнетақы жинақтарының артығын стоматологиялық емге пайдалану бойынша өтінімдерді қабылдау қайта басталған жағдайда, бұл туралы қосымша хабарланатынын нақтылады.

Стоматологиялық қызметтер үшін БЗТ-ны пайдалануды жоспарлап отырған азаматтар өтінімдерін 15 қыркүйекке дейін берулері қажет.