Әлеумет

Қостанай облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға жаңа үй салынды

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Қостанай облысы Амангелді ауданының Есір ауылында екі жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, иелеріне жаңа үйдің кілттері тапсырылды, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ахуалдық орталығының мәліметінше, Қостанай облысында 70 жеке тұрғын үй салынып аяқталды.

Сонымен қатар, 83 тұрғын  үй нысаны бойынша құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Олардың аяқтау мерзімі тамыз айының соңына жоспарлануда. Оған қоса, өңір тұрғындары үшін 315 үй сатып алынды, 815 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.