Әлеумет

Елімізде он бір мыңнан астам адам скоринг үлгісі арқылы қосымша қолдау алды

Қарағанды облысы мен Шымкент қаласында отбасылардың әл-ауқатын анықтаудың баллдық үлгісін пайдалана отырып, мемлекеттік қолдау шараларын тағайындау бойынша пилоттық жобаны іске асыру жалғасуда. Қазіргі уақытта 4 мемлекеттік қызмет толығымен енгізілді, 11 мыңнан астам өтініш берушіге қосымша қолдау шаралары көрсетілді, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта «Тұрғын үй көмегін тағайындау», «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу», «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау» сияқты үш қызметті тағайындау кезінде пилоттық аймақтарда баллдық үлгі қолданылады.

Пилоттық жоба аясында тұрғын үй көмегі түріндегі қолдауға 958 адам өтініш білдіріп, барлық өтініштер қанағаттандырылды.

Жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауға 496 өтініш түсті. Баллдық үлгі бойынша оларды қарау нәтижесінде 169 отбасының әл-ауқатының жоғары деңгейі анықталды.

«Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметіне алғашқы өтініштер оқу жылының басында түсті. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 219 өтініш қабылданды, оның ішінде баллдық қорытынды бойынша 5 өтініш әл-ауқат деңгейін бағалау бойынша 6-санаттағы отбасылар қатарынан танылды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы мен Қарағанды облысы мектептерінің әлеуметтік педагогтері үшін «Білім беру ұйымдарының студенттері мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету» қызметіне өтініштерді қабылдау кезінде отбасылардың әл-ауқатының деңгейін тексеру функционалдығы енгізілді.

Баллдық үлгіге қолжетімділікті қамтамасыз ететін платформаны 256 мектеп (Қарағанды ​​облысы – 165, Шымкент қаласы – 91) пайдаланады. Аталған білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтары 9584 өтінішті қарады, оның ішінде балл жинау нәтижесі бойынша 30-ы тұрмысы жоғары отбасылардан (Қарағанды ​​облысы – 9, Шымкент қаласы – 21) болды.

Пилоттық жоба аясында жергілікті атқарушы органдар тарапынан әл-ауқатының жоғары деңгейіне (6-санат) жатқызылған отбасылар қосымша қолдау шараларына мұқтаж емес екені анықталды.

Бұған дейін алты мемлекеттік орган (ҚР ҒЖБМ, ҚР ОМ, ҚР ТСМ, ҚР ӨҚМ, ҚР ЦДИАӨМ және ҚР ЕХӘҚМ) отбасының әл-ауқатының деңгейін анықтаудың баллдық үлгісін пайдалана отырып, Бірыңғай цифрлық платформа арқылы білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын үй қатынастары және дене шынықтыру салаларында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы бірлескен бұйрыққа қол қойған болатын.

Отбасының әл-ауқатын анықтаудың баллдық моделі 23 әлеуметтік-демографиялық және экономикалық критерийлерге негізделген. Қосымша қолдау шараларына өтініш білдірген барлық отбасылар 6 санатқа жіктеледі – аса қажеттіліктен (азық-түлікке қаражаттың болмауы) жоғары әл-ауқатқа дейін (қаржылық қиындықтар жоқ). Шешім отбасының цифрлық картасы арқылы жиналған объективті деректер негізінде автоматты түрде қабылданады.

Көмек барлығына бірдей емес, қажеттілігіне қарай көрсетіледі. Материалдық көрсеткіш ретінде есепке алынады: табыс, мүлік, көлік, несиелердің болуы; және материалдық емес (денсаулық, мүгедектік, білім деңгейі), сондай-ақ тәуелділік ауыртпалығы және жасырын табыстың болуы, мысалы, бейресми жұмыс.

2 және одан да көп тұрғын үй, 2 және одан да көп көлік құралы, тіркелген заңды тұлғасы (ЖК, ЖШС) бар және бір отбасы мүшесіне шаққандағы айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 4 деңгейінен асатын үй қожалығы – әл-ауқат деңгейі жоғары 6-санатқа жатқызылады. Мұндай отбасылар жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын қосымша әлеуметтік қолдау шараларын алушылардың қатарынан шығарылады.

1-5 санатқа жатқызылған отбасыларды қолдау шараларын тағайындау автоматты түрде жүзеге асырылады.

Скорингтік үлгіні енгізу республикалық бюджеттен төленетін әлеуметтік төлемдерге (барлығы 41 түріне) әсер етпейтінін ерекше атап өткен жөн. Базалық және ынтымақты зейнетақылар, жүктілігі және бала күтімі бойынша 1,5 жасқа дейінгі жәрдемақылар, көпбалалы аналарға және марапатталған аналарға берілетін жәрдемақы, мүгедектік бойынша және мүгедек бала күтімі бойынша жәрдемақылар, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік және басқа да жәрдемақы түрлері өзгеріссіз төленетін болады.

Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға арналған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің 5 түрі бірдей көлемде сақталады.