Ойыншықтар қауіпсіздігін реттейтін регламентке өзгерістер енеді
Биылғы жылдың соңына дейін ойыншықтардың қауіпсіздігін реттейтін техникалық регламентке өзгерістер енеді, деп хабарлады Elorda.info.
ҚазСтандарттың Техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығы сарапшыларының айтуынша, бұл өзгерістер ойыншық индустриясының эволюциясын ескеріп, заманауи ойын құралдарын пайдаланудағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Сауда және интеграция министрлігінің деректеріне қарағанда, Кеден одағының 008/2011 техникалық регламентіне ойыншықтардың түрлеріне қатысты мынадай өзгерістер енеді:
Регламентте хош иісті ойыншықтар, жұмсақ ойыншықтар, сылдырмақтар, ұшатын ойыншықтар, парфюмерлік-косметикалық өнімдер жасауға арналған жинақ, электр-механикалық ойыншық, фонограммаларды ойнату құрылғысы, дәмдік дағдыларды дамытуға арналған жинақ және т.б. ойыншықтардың жаңа санаттары қосылды. Енді табиғи жүнді, былғары, шыны, фарфор және түкті материалдарды (резеңке, картон және қағаз), сондай-ақ, 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарда ішкі қапсыз өлшемі 3 мм және одан аз толтырғыш түйіршіктерді пайдалануға тыйым салынады.
Физикалық және механикалық қасиеттерге қойылатын талаптар да күшейді. Жаңа талаптар бойынша сұйық толтырғыштың ағып кетуіне тыйым салады, жұмсақ ойыншық толтырғышында қатты немесе өткір заттардың болуы шектеледі және тамақ өнімдерімен бірге жеткізілетін немесе онымен бірге сатылатын ойыншықтардың өз қаптамасы болуы міндеттеледі.
-->ҚазСтандарттың Техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығы сарапшыларының айтуынша, бұл өзгерістер ойыншық индустриясының эволюциясын ескеріп, заманауи ойын құралдарын пайдаланудағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.