Әлеумет

Оңтүстіктен Солтүстікке 260 отбасы қоныс аударды

Жыл басынан бері елдің оңтүстігінен солтүстікке 260 отбасы қоныс аударды, олардың әрқайсына үй сатып алуға 4 млн теңге көлемінде сертификаты табысталады, деп хабарлады Elorda.info.

Жыл басынан бері оңтүстіктен солтүстікке 260 отбасы табан тіреді. Биылдан бастап «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында әр отбасына баспана сатып алу мақсатында 4 млн теңге көлемінде ұтқырлық сертификаты табысталады, деп жазады Zakon.kz.

Бұған дейін азаматтар жергілікті әкімдіктер ұсынған баспаналарда тұрса, енді өздері таңдап алады.

Жауапты органдар өңірге келушілерді қарсы алуға дайын. Солтүстік Қазақстанда 5 мың жұмыс орны бос тұр. Әсіресе, білім беру, ауыл шаруашылығы, құрылыс және денсаулық сақтау саласында маман тапшы.

Халқы тығыз орналасқан оңтүстік облыстардан еңбек күші тапшы солтүстік пен шығыс өңірлерге  8 600 адам көшірілмек.

Оның 2 800-і Солтүстік Қазақстан облысына көшеді.

-->