Әлеумет

Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев Share Together кәсіподақ өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Elorda.info.

Тараптар Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтарын қорғау бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, тиісті екіжақты меморандумға қол қою жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Осы меморандумды жасасу ынтымақтастықты неғұрлым тиімді жүзеге асыруға, оның ішінде Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарының бұзылу жағдайларын анықтауға, алдын алуға және оларға ден қоюға мүмкіндік береді.

Share Together кәсіподағы Оңтүстік Кореядағы шетелдік еңбек мигранттарының құқықтарын қорғаумен айналысады және Корея кәсіподақтары федерациясының (FKTU) құрамына кіреді.

-->