«Нұрлы жол» вокзалынан академик Сәтбаевтың 125 жылдығына орай безендірілген пойыз жолға шықты
Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалынан қазақтың алғашқы академик-геологы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай безендірілген жолаушылар пойызы жолға шықты, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақтың көрнекті қайраткерлеріне арналған тақырыптық жобаны Ұлттық тасымалдаушы «Қазақмыс» компаниясымен бірлесіп алғаш рет іске асырып отыр. Пойыздың сыртқы жағында Қаныш Сәтбаевтың өмір сүрген жылдары мен оның мерейтойлық портреті бейнеленген. Жоба ұлы қазақ ғалымының есімін қастерлеуге бағытталған.
Қаныш Сәтбаев ірі мыс, көмір және басқа да пайдалы қазбалар кен орындарын ашып, еліміздің экономикалық дамуына едәуір әсер етіп, тарихта өшпес із қалдырған ұлы тұлға.
-->Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалынан қазақтың алғашқы академик-геологы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай безендірілген жолаушылар пойызы жолға шықты, деп хабарлады Elorda.info.
«Қаныш Сәтбаевтің ғылыми қызметі Жезқазған қаласымен тығыз байланысты болғандықтан, №65/66 «Астана-Жезқазған» бағытындағы пойыз рәсімделді. Рәсімделген пойыз күздің басына дейін күнара қатынайтын болады», - делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарламасында.