Әлеумет

Неліктен 11 жастан асқан қыздарға ғана АПВ-ға қарсы вакцина салынады

Педиатр-неонатолог, невропатолог дәрігер Айнұр Мақсұтова Орталық коммникациялар қызметінде өткен брифингте АПВ-ға қарсы вакцина Неліктен 11 жастан асқан қыздарға ғана салынатынын түсіндірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оның айтуынша,  осы жаста қыздың ағзасының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері қауіпсіз вакцинациялауға мүмкіндік береді.

«Иммундық реакция жетіледі, яғни иммундық вакцинаға жақсы жауап болады. Сондай-ақ 11 жасында қыздар белсенді өмір салтын ұстана бастайды: сауна, бассейн, спорт секциялары, би үйірмелері сияқты қоғамдық орындарға көбірек барады. Адам папилломасы вирусы байланыс және тұрмыстық тәсілмен берілетіндіктен, осы жаста оны жұқтыру қаупі артады», - деді Айнұр Мақсұтова.