Әлеумет

Нұрәлі Әлиев «Транстелеком» АҚ басшысы қызметінен кетеді

Нұрәлі Әлиев «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесі төрағасы қызметі мен акционерлер құрамынан кетеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

ОЛ КОМПАНИЯДАҒЫ ӨЗ ҮЛЕСІН САТАДЫ

Бұл туралы Нұрәлі Әлиев Instagram-да жазды. Өзінің айтуынша, ол компаниядағы өз үлесін сатады.

Тұңғыш президенттің жиені «Транстелекомды» 2013 жылдан бері басқарғанын жазады.

НҰРӘЛІ ӘЛИЕВ КІМ

«Ол кезде біздің алдымызда ауқымды міндеттер тұрды: ТТК-ны заманға сай, жоғары технологиялық компанияға айналдыру, инновацияларды енгізу және жаңа бағыттарды дамыту еді. Біздің команданың күш-жігері мен клиенттердің қолдауының арқасында біз бәріне қол жеткіздік.

«Транстелеком» – 10 жыл ішінде Қазақстанды цифрландыру жөніндегі стратегияны дамытуға және іске асыруға елеулі үлес қосқан IT және инфокоммуникациялық қызметтердің толық спектрін ұсынатын ұлттық ауқымдағы компания», - деп жазды Әлиев.

Еске салсақ, Нұрәлі Әлиев – Дариға Назарбаеваның ұлы.