Әлеумет

Министрлік ҚҚС өтемақысын енгізу туралы ақпарат жалған екенін мәлімдеді

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ҚҚС үшін өтемақы енгізгені туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Elorda.info.

Мессенджерлерде Еңбекмині ҚҚС үшін өтемақы төлемін енгізгені туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таратылуда. Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз азаматтар сілтемеге өтуді ұсынады.

Ведомствоның мәліметінше, мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Министрлік азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұрай отырып, жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын қаперге берді. 

-->

Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз, - делінген хабарламада.