Әлеумет

Министр қызылша өршіп тұрған өңірлерді атады

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

 

-->

 

«Елімізде қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелген, оның 82%-дан астамы балалар. Оның ішінде, 83%-ы екпе алмаған балалар. Бұл ретте, балалардың 60%-ы ата-анасының екпеден бас тартуы, қалған балалар егу жасына жетпеуіне байланысты және медициналық көрсетілімдер бойынша вакцинация алмаған. Қызылша ауруы барлық өңірлерде тіркелді. Соның ішінде, Шымкент, Алматы қалаларында, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облыстарында өршіп тұр», - деді министр.