«Менің класым буллингке қарсы»: республикалық челленджге бес мың оқушы қатысты
«Менің класым буллингке қарсы» челленджіне 5000-нан астам қазақстандық оқушы қосылды. Бұл туралы Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шара оқушылар мен мұғалімдер назарын жәбірлеу мәселесіне аудару, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасында буллингке қарсы ой қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Айта кетейік, республикалық акция 19 мамырға дейін жалғасады. Челлендж қорытындысын «Менің класым буллингке қарсы» жалпы республикалық флешмобымен аяқтау жоспарланған.
-->«Менің класым буллингке қарсы» челленджіне 5000-нан астам қазақстандық оқушы қосылды. Бұл туралы Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.