Әлеумет

Мектеп оқушысы виртуалды 3D музейін әзірледі

Абай облысында мектеп оқушысы Нұрәлі Амангелдиев қазақ халқының тарихындағы құқықтық дерек көздерін зерделеу мақсатында виртуалды 3D тур-музейін әзірледі, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті.

Виртуалды әлемге кірген қонақты дыбысты гид қарсы алып, Қазақстанның әр дәуіріндегі дәстүрлі құқық пен сот жүйесінің қалыптасу жолымен таныса алады. 

3D мұра жайы 4 бөлімнен тұрады:

Бірінші – «Ежелгі дәуірдегі Қазақстандағы дәстүрлі құқық және сот билігі»;

Екінші – «Орта ғасырлардағы сот-құқықтық жүйе»;

Үшінші – «Революцияға дейінгі кезеңдер»;

Төртінші бөлім – «ҚР Тәуелсіздік жылдарындағы құқықтық және сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуы» деп аталады. 

Оқушының айтуынша, бұл жоба виртуалды кеңістікте қазақ тарихындағы құқықтық жүйенің сақ тайпасынан басталып, бүгінге дейінгі қалыптасу жолы туралы ақпарат алуға болады. Осы саланы зерттеушілер үшін тиімді тәсіл.

Виртуалды мұражайдың тағы бір ерекшелігі – есту қабілеті төмен балалар үшін турды түсіндіретін сурдодаудармашы енгізілген.  Оқушы дайындаған бағдарламаны Жазкент кентінің мектеп-лицейінің педагогтері құқық негіздері пәнінде қосымша әдістеме ретінде қолдау кезінде, оң нәтиже берген.

Нұрәлі Амангелдиев алдағы уақытта VR технологиясының көмегімен жаңа жобаларды жүзеге асырмақшы.

-->

Виртуалды мұражайдың көмегімен бір нүктеден екінші нүктеге өтуге, алыс жерлерге қарауға, үлкейтуге немесе керісінше кейбір заттарды алыстатуға болады. 3D тур музейі – оқушылардың тарих пәніне қызығушылығын арттырады, құқықтық тақырыптарды меңгеруге пайдасын тигізеді. Зерттеудің қалыпты әдістеріне қарағанда жаңа формат оқушылардың ізденісін арттырады, – дейді жас өнертапқыш Нұрәлі Амангелдиев.