Мейірім көрмей өскен бала қатігез болады – этнограф
Отбасы бұл махаббат пен тыныштықтың, қуаныш пен мейірімнің мекені. Мұнда әр бала ата-ананың қамқорлығы мен тәрбиесін сіңіріп, өмірдің қатал заңына қарсы тұрудың қыр-сырын меңгереді. Өмірде қандай адам болуымыз, жағымды не жағымсыз мінездерге ие болуымыз тікелей отбасыға байланысты. Отбасының мәнін жіті түсініп, тереңіне бойлау әрқайсысымыздың парызымыз. Біздің ұлт үшін ең басты отбасы құндылықтары ретінде нені басты назарда ұстаған жөн? Осы сұрақтар төңірегінде Elorda.info тілішісі этнограф, «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің директоры Тұрар Саттарқызымен әңгімелесті.
Қай заманда болмасын үлгілі отбасын құру, адал ұрпақ өсіру – кімнің де болса асыл арманы болса керек. Этнограф отбасы құндылығы дегеніміз адамның сол үйінде алған отбасылық моделі екенін айтады.
Отбасылық құндылықтар бұл ежелден келе жатқан қағида. Бұларды бір-бірін сүйіп қосылған жанұя отбасын сақтау үшін қолданады.
Спикердің айтуынша, қазір қоғамда руханият, ұлт, құндылық үшін мылтықсыз майдан жүріп жатыр.
Бұрын осы мәселеге ерекше назар аударылатын. Ата-анамыз дастархан басында құлағымызға құйып отыратын.
Тұрар Саттарқызы өзінің қорқынышы жайлы айтуды ұмытпады.
«Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің директоры біздің ұлт үшін ең басты отбасы құндылықтарды атады.
Этнографтың айтуынша, қазіргі балаларға мотивация жетіспейді
Тұрар Саттарқызының пікірінще, қазіргі таңда қазақтың пейілі тарылып барады.
Иә, ешбір білім ордасы ата-ана тәрбиесінің орнын алмастыра алмайды. Әсіресе балаға ананың берген тәрбиесінің орны бөлек. Бастысы әкесінің қамқорлығын, анасының мейірімін толық сезініп өскен бала қоғамда айналасына жақсылықтың жаршысы бола алады.
-->Қай заманда болмасын үлгілі отбасын құру, адал ұрпақ өсіру – кімнің де болса асыл арманы болса керек. Этнограф отбасы құндылығы дегеніміз адамның сол үйінде алған отбасылық моделі екенін айтады.
Екі адам отбасын құрған кезде екеуі де екі жақтан келеді. Біреуі қазақ тілді, енді біреуі орыс тілді отбасында өскен. Оның біреуі құндылықты біледі, ал екіншісі салт-дәстүрден мақұрым. Екеуі отбасын құрған кезде екі жақтан алып келген үлгілерін ары қарай жалғастыруы мүмкін. Дегенмен де отбасы құндылықтары көп жағдайда ер азаматтар емес, әйел тарапынан келеді екен, - деді спикер.
Отбасылық құндылықтар бұл ежелден келе жатқан қағида. Бұларды бір-бірін сүйіп қосылған жанұя отбасын сақтау үшін қолданады.
Жақында Астанада жас отбасылар арасындағы «Қазағымның дәстүрлері-ай» атты қалалық сайыс өткіздік. Оның мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын заманға сай жаңғырту, жастар арасында насихаттау, отбасы институтының мәртебесін көтеру, іргесін нығайту. Сонымен қатар дәстүрлі отбасылық құндылықтарды жастар арасында дәріптеу, жас отбасылардың қоғамдық белсенділігін арттыру. Мұндай байқауларды жиі өткізіп тұруымыз қажет. Себебі құндылықтарды қазірден бастап сіңірмесек, болашақта балаларымыз ештеңені білмей қалуы мүмкін, - деді этнограф.
Спикердің айтуынша, қазір қоғамда руханият, ұлт, құндылық үшін мылтықсыз майдан жүріп жатыр.
Мәселен әлеуметтік желілерден жастар салт-дәстүрге қатысты видеоларды көп қарай бермейді. Жақында қоғамдық көлікте орын бермегені үшін үлкендер жастарға ұрысып жатыр. Сол кезде мен айттым: жастарды, балаларды ешқашан кінәламаңыздар. Өзім жастарды кінәлаудан аулақпын. Не себепті? Өйткені олардың кінәсі емес. Оларға үйінде ата-анасы үлкенге құрмет көрсетуді үйретпеген, - деді тарихшы.
Бұрын осы мәселеге ерекше назар аударылатын. Ата-анамыз дастархан басында құлағымызға құйып отыратын.
Біз солардан үлгі-өнеге алдық. Отбасымыздан бөлек, қоғам, айналадағы адамдардарда жақсы жаққа бетбұруымызға әсер етті. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда адамдардың көбісінің сөзі көп, ісі жоқ. Тіпті қазақ мектебінде оқитын балалар ана тіліндегі сөздердің мағынасын білмейді әрі түсінбейді. Оған себеп – жастардың кітап оқымауы. Көптеген мәдени іс-шараға қатысып жүремін. Бір байқағаным, жастарымыз қазақтың салт-дәстүрлері жайында көп нәрсені біле бермейді, - деді ол.
Тұрар Саттарқызы өзінің қорқынышы жайлы айтуды ұмытпады.
Түптің түбінде тек «ет жеуді, қымыз ішуді «қазақ» деп санайтын қазақтар қала ма?» деп қорқамын. Өйткені бүгінде қазақтықты тек аспен байланыстырады. Ал рухтың қамы, жүректің қамы, руханият жағы кенжелеп тұр, - деді этнограф.
«Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің директоры біздің ұлт үшін ең басты отбасы құндылықтарды атады.
Біздің ұлт үшін мықты үш ұстаным Бұл «Ұят болады», «Обал болады», «Жаман болады». Бұл біздің қазақтың қасиетті ұғымы, қағидасы, ұраны болған. Осыларды ұмытқандықтан, обал, сауапты түсінбегендіктен ажырасу, суицид болып жатыр. Бұл біздің ұлттық құндылықты, ұлттық тәрбиені ұмытудың нәтижесі. Бірақ қазір соларды біртіндеп түсініп әрі іздеп жатырмыз. Тіпті ол президенттік деңгейде көтеріліп жүр, - деді тарихшы.
Этнографтың айтуынша, қазіргі балаларға мотивация жетіспейді
Мейірім, жылулық көрмей өскен бала қатігез болады. Егер баламен сөйлеспесе, мейірім көрсетпесе ол қандай азамат болып ер жетеді? Сондай-ақ қазіргі балаларға мотивация қажет. Бір білетінім, бүгінгі балалар өте ақылды әрі білімді., - деді ол.