Әлеумет

Майқайың кенішінде 7 ай бұрын шұңқырға құлаған автобус табылды

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі «Майқайың-Алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде қазба жұмыстары кезінде құтқарушылардың автобусы табылғанын мәлімдеді.  Бұл туралы Elorda.info Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап  хабарлады.

Ауа райының қолайсыздығы –  жаңбыр мен жел және топырақтың құлау қаупінің сақталуына байланысты жұмыстар аса сақтықпен жүргізіліп жатыр.

Бүгін таңғы сағат 05.00-ден бастап іздестіру жұмыстары қайта жанданды. Қазіргі уақытта көліктің алдыңғы бөлігіне дейін жету мүмкін болып, бампері мен доңғалағы көрінді.

Еске сала кетейік, 19 шілдеде құтқарушы Айдос Шаймерденнің денесі табылып, Майқайыңда жаназасы шығарылды. Асайын Байханов жаназаға қатысып, марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ, облыс әкімі денесі әлі табылмаған автобус жүргізушісі Айып Тілеубергеновтің отбасына барды.

Естеріңізге саламыз, биыл 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында Баянауыл ауданындағы Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кеткен болатын. Автобустың ішінде төрт адам болған.  Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды. ТЖД құтқарушылары құмнан қаза тапқан екі адамның денесін тапты. Олар – 24 жастағы Сарқыт Берліқан және 53 жастағы Олег Тышкевич.

-->

«55 жастағы төртінші құтқарушы, жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ. Жақын арада іздестіру жұмыстары нәтиже береді деген үміттеміз», –  деп жазылған хабарламада.