Әлеумет

«Маған қатты ауыр тиген еді»: Қайрат Түнтеков істі болып, қамауда отырған кезін еске алды

Қайрат Түнтеков «Qazaq Airan» Youtube-жобасына берген сұхбатында осыдан 12 жыл бұрын болған жол апаты мен одан кейінгі қиындықтары туралы айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.

Эстрада жұлдызының айтуынша, жол апатынан кейін 40 күн қамауда отырған.

Естеріңізге саламыз, Қайрат Түнтеков жол апатына кінәлі деп танылып, жәбірленушіге 40 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелген болатын.

-->

«Ол сөздің өзі жаман естіледі. Сол кезде маған қатты ауыр тиген еді. Қазір көріп отырмыз ғой, өнер адамдарының арасында да түрлі жағдай болып жатыр. Оларға қарайсың да, «ауыр тие ме, тимей ме?» деп ойлап қаласың. Еркекпіз, әр еркектің басынан неше түрлі жағдай өтеді. Дегенмен қазіргі жастарға айтарым, абайлап жүріңіздер, сақ болыңыздар. Танымал болғасын түрлі өсек, жалған ақпарат артыңнан қалмайды. Сол кезде мені мас болған деп жерден алып, жерге салды. Бірақ мүмкін мен ішпеген шығармын? Көрдіңіздер ме, өсек деген өте ауыр дүние. Мүмкін шынымен ішімдік ұрттаған шығармын, мүмкін сау болып, көктайғақта жолды көрмей қалған шығармын, бұл туралы менен басқа ешкім білмейді. Халық оны көзбен көргендей етіп таратады», – деді әнші.

Естеріңізге саламыз, Қайрат Түнтеков жол апатына кінәлі деп танылып, жәбірленушіге 40 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелген болатын.