Әлеумет

Маңғыстау облысында тағы 16 оқушы уланып қалды

Маңғыстау облысында Бейнеу ауылында  Жұмағали Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 16 оқушысы уланып қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

12 қыркүйек күні 16 оқушы іші ауырып, медициналық көмекке жүгінген.

«Ем-шара қолданылғаннан кейін оқушылар үйіне жіберілді. Жағдайлары қалыпты. Бүгін, 13 қыркүйек күні мектепке келді», - деп көрсетті денсаулық сақтау басқармасы.