Әлеумет

Маңғыстау облысында мектеп асханасының жұмысшылары жалған құжатпен жұмыс істеген

Маңғыстау облысында оқушылар жаппай уланған мектеп асханасының жұмысшылары жалған санитарлық құжатпен жұмыс істеген. Бұл туралы прокурорлық тексеріс нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мұнайлы ауданында № 8 орта мектептің тамақтандыру блогында 4 адам жалған санитарлық құжаттармен жұмыс жасаған. Заңсыздыққа барған азаматтардың барлығына айыппұл салынды.

«Бұл жағдай аталған мектептің оқушыларының жаппай улануынан кейін тексеру кезінде анықталды. Қазіргі таңда соттің үкімдері заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.