«Маған қысқа белдемше ыңғайлы»: Баян Алагөзова жаппай хиджаб кие бастаған қыздар туралы пікір білдірді
Танымал продюсер Баян Алагөзова хиджаб кие бастаған әйелдерге қатысты пікір білдірді, деп жазады Elorda.info.
Сондай-ақ ол тыйым салудың кез келген түріне қарсы екенін айтты.
-->Танымал продюсер Баян Алагөзова хиджаб кие бастаған әйелдерге қатысты пікір білдірді, деп жазады Elorda.info.
Мен мойындаймын, бұндай киіммен фильмге түсу кезінде өзімді ыңғайсыз сезіндім. Басым, құлағым ауырды, денемді бос сезінгім келді. Маған әлі де еркін стиль, қысқа белдемшелер ыңғайлы екеніне көзім жетті. Бүгін әлеуметтік желілерде оранған қыздар үн қатты, олар «біздің құқығымызды таптады» деген пікірлерін айтуда.
Исламның кең таралуымен киімнің тиісті түрімен зайырлы қыздардың құқықтары мен бостандықтары таптала басталғанын атап өткен жөн, енді қысқа белдемше — азғындықтың символы. Сонымен қатар көптеген адам дәл солай ойлайды, - деді продюсер.
Сондай-ақ ол тыйым салудың кез келген түріне қарсы екенін айтты.
Мен жай ғана бітімге келуді және бір-бірімен сыйластықпен өмір сүруді, әркімнің таңдауын құрметтеуді ұсынамын. Мен тыйым салудың кез келген түріне қарсымын. Жабық киінгіңіз келсе киініңіз. Алайда қысқа шорты киген қыздарды қолыңызбен шұқып көрсеткенді доғарыңыз.
Негізі бәріміз Қазақстанда, ортақ аспан мен ту астында өмір сүріп жатырмыз. Медальдың екі жағы бар және ешкім ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білмейді, біз жай ғана адамбыз. Біз Конституция бойынша өмір сүріп жатқанымызды еске салғым келеді, яғни діни нормалар емес, азаматтық құқықтар бірінші кезекте сақталатын зайырлы елде, бірақ бұл дінді алып тастауды білдірмейді. Зайырлылық пен дін әрқашан қатар жүретінін көрсетеді. Мен қоғамымызда кез-келген адамның таңдауына сыйластықпен қарауды сұраймын, – деп жазды Баян Мақсатқызы.