Мәжіліс депутаты блогерлердің жауапкершілігін күшейтуді ұсынды
Мәжіліс отырысында депутат Анас Баққожаев сауалын премьер-министр Әлихан Смайылов пен Бас прокурор Берік Асыловқа жолдады, деп хабарлады
«Қазір өзін блогермін деп жүргендердің дені – ақпараттың рас-өтірігін тексермей, оңай жолмен баю үшін кез келген адамға жала жабудан тайынбайтын, бопсалап ақша табатын, атаққұмар, елдің берекесін бұзып, қауіпсіздігіне қатер төндіретін сауатсыз адамдар.
Өзін блогер санап жүргендердің басым бөлігі шын мәнінде блогтың не екенін түсініп жүр деп айта алмаймыз. Көпшілігі ел алдындағы беделін, атақ-дәрежесін пайдаланып, халыққа көмек жасап жатқандай сыңай танытып, әлеуметтік желілерде түрлі «хайп» ұйымдастырып әлек», - деді ол.
ДепутатДепутат олардың әрекеті қоғамға қауіпті деп есептейді.
«Өкінішке қарай, өмірге деген көзқарасы енді қалыптасып келе жатқан жастарымыз осы блогерлерге еліктеп, жатыпішерлікке әуестеніп барады, олар ұлтымызға жат мәдениет пен теріс идеологияны бойына сіңіріп жатыр. Сондай-ақ осы блогерлердің сөзіне сеніп, шетелге күңдікке түскен қыздарымыз қаншама?!
Біз қысқа ғана уақыт ішінде сөзі мен ісіне жауап бере алмайтын блогерлердің отанына айналып кеткендейміз. Бұл – қоғам үшін де, мемлекет үшін де қауіпті құбылыс», - деді Анас Баққожаев.
Депутат өзі көтерген проблеманы шешу үшін бірнеше ұсынысты қарастыруды сұрады.
Біріншіден, «БАҚ туралы» заң жобасына жауаптылардың әрекетіне тиісті баға берілуі керек. Екіншіден, тез арада «БАҚ туралы» заңды пысықтап, Мәжілістің ашық талқылауына енгізу қажет. Ақпарат саласындағы жауапкершілікті тек журналистер емес, блогерлер де сезінетін уақыт жетті. Бұл мәселені аталған заң жобасының аясында дереу қарастыруымыз қажет. Себебі жауапкершілікті түсіне алмайтын блогерлердің саны уақыт өткен сайын артып жатыр, - деді ол.
-->Мәжіліс отырысында депутат Анас Баққожаев сауалын премьер-министр Әлихан Смайылов пен Бас прокурор Берік Асыловқа жолдады, деп хабарлады