Әлеумет

МӘМС: Тамызда елордалықтар 7,2 млрд теңге жарна аударды

Жыл басынан бері елордалықтардан медициналық сақтандыру үшін түскен жалпы сома 53,3 млрд теңгені құрады, деп хабарлады Elorda.info Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалына сілтеме жасап.

Тамыз айында МӘМС үшін елордалықтар 7,2 млрд теңге жарна аударған. Оның ішінде 3,9 млрд теңге – жұмыс берушілердің, 3,3 млрд теңгеге жуығы – жеке кәсіпкерлердің аударымдары. Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жүргізетін 7362 төлеушіден 11,02 млн. теңге түскен.  

Айта кетейік, төлем Қазақстанның кез келген банкінде, банктердің мобильді қосымшалары арқылы және «Қазпошта» бөлімшелерінде қабылданады. Төлем жасау кезінде ақша аударылатын тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін, төлем жасалатын айды көрсету керек.

-->