Әлеумет

Мүмкіндігі шектеулі жандар портал арқылы 270 мыңнан астам қызмет түрін пайдаланды

Жыл басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 210,6 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 6,5 мың тұтынушы – ымдау тілі қызметін, 25,3 мың науқас – жеке көмекшінің, 29,4 мың адам – санаториялық-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлады Elorda.info Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сатына сілтеме жасап.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Азаматтар тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарына жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы қол жеткізе алады. 

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету қызметі протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінгі күні порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 854 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 441 ОТҚ жеткізуші, 27 мыңнан астам жеке көмекші, 696 ымдау тілі және 106 санаториялық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде жүзеге асып отыр.

Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады.

-->