Әлеумет

Үлкен Алматы каналына 40 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген

Үлкен Алматы каналына 40 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген, деп хабарлады деп хабарлады Elorda.info.

Премьер-Министрдің айтуынша, суды ұтымды пайдалану – аса маңызды міндеттердің бірі, сол үшін ұсынылып отырған Тұжырымдама осы бағыттағы негізгі бағдарламалық құжат болады.

Мысал ретінде Үкімет басшысы Орталық Қазақстан мен Астананың басты су арнасы – Қаныш Сәтбаев атындағы каналда сорғы станциялары жұмысының тиімділігі небәрі 30% екенін айтты. Үлкен Алматы каналына пайдалануға берілген кезден бастап 40 жыл бойы жөндеу жүргізілмеген. Одан бөлек Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында магистральдық және шаруашылық аралық арналардың көпшілігі тозған – нәтижесінде 40% су ысырап болуда.

-->

Оны іске асыру су ресурстарына мониторинг жүргізу мен болжаудың нақты жүйесін жолға қоюға ықпал етеді. Бұл жүйе су қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан өте қажет. Тұжырымдаманың маңызды бағыты – су шаруашылығына қажетті инфрақұрылымды салу және реконструкциялау. Көп жылдар бойы оларды күтіп ұстауға тиісті көңіл бөлінбей келді, — деді Әлихан Смайылов. 