Әлеуметтік төлемдерді аудару туралы 60 мыңға жуық смс-хабарлама жіберілді
Әлеуметтік төлемдерді аудару туралы 60 мыңға жуық смс-хабарлама жіберілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Тамара Дүйсенованың айтуынша, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету мақсатында бірнеше шара атқарылып жатыр.
-->Әлеуметтік төлемдерді аудару туралы 60 мыңға жуық смс-хабарлама жіберілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Бірінші тоқсанда азаматтарға әлеуметтік төлемдердің қандай да бір түрін алу құқығы туралы 59 мыңнан астам смс-хабарлама жіберілді. Бүгінгі таңда орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар картаның деректерін өзектендіру, отбасылардың мәртебесін нақтылау және мұқтаж отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсету үшін жедел шаралар қабылдау мақсатында тиісті жұмысты бастады, - деді Тамара Дүйсенова.
Тамара Дүйсенованың айтуынша, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету мақсатында бірнеше шара атқарылып жатыр.
Ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыру үшін Әлеуметтік қызметтер порталын, онлайн еңбек шарттарын жасасу үшін Электрондық еңбек биржасын, елімізге келіп кететін азаматтардың барлық санаттарын есепке алуды және мониторингті көздейтін көші-қон ағындарынының бірыңғай есепке алу жүйесін және мүгедектікті проактивті түрде белгілеу үшін бірыңғай терезе жүйесін дамытып жатырмыз, - деді Т.Дүйсенова.