Әлеуметтік инспекторлар екі жарым ай ішінде 347 рет тексеру жүргізді
ҚР Әлеуметтік кодексінің күшіне енуімен осы жылдың 1 шілдесінде елімізде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді, деп хабарлады Elorda.info.
Инспекторлардың міндеті арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1-шілдеден бері әлеуметтік инспекторлар 347 тексеру жүргізді. Тексерудің 151-і профилактикалық бақылау шеңберінде, 196-cы жоспардан тыс болды.
Мәселен, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті жүргізген жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде Лисаков арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында арнаулы әлеуметтік қызметтерді сапасыз ұсынған. Сондай-ақ Small сауда нысандарында көру функциялары бұзылған адамдар үшін ақпараттық құралдардың болмауы дәйектеріері анықталды. Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданды.
Айта кетейік, мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар институты енгізілгенге дейін ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылдың 1 жартыжылдығында 750 тексеру жүргізді, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 533 ұйғарым берілді, 44 млн теңгеден астам сомаға 233 айыппұл салынды.
-->Инспекторлардың міндеті арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1-шілдеден бері әлеуметтік инспекторлар 347 тексеру жүргізді. Тексерудің 151-і профилактикалық бақылау шеңберінде, 196-cы жоспардан тыс болды.
Мемлекеттік бақылаумен текесерісте 54 мектеп, колледждер мен балабақшалар, 44 жергілікті атқарушы органдардың облыстық және аудандық бөлімдері, 65 басқарма және жұмыспен қамту бөлімдері, 15 дүкен, 5 сауда орталығы, 16 медициналық-әлеуметтік мекеме, 9 емхана, аурухана және дәріхана, 5 халықты талқылау орталығы, 2 банк бөлімшесі, 3 Қазпошта бөлімшесі, 3 кәсіпорын, 1 фитнес-клуб, 4 санаторий, 2 кафе, 2 шаштараз және т. б. қамтылды, - делінген министрлік ақпаратында.