Ләззат Қожахмет: Ұлттық құрылтай – елдің үнін Президентке жеткізетін алаң
Бұл туралы Elorda.info хабарлайды.
-->
Жалпы халық сайлаған Парламент те елдің үнін жеткізеді, Құрылтайдың қажеті қанша деген сауал тууы заңды. Белгілі бір салада сарапшы деңгейіне көтерілген тұлғалардың барлығы бірдей Парламентке баруды көздемейді.
Президент сондай-ақ, министрлер мен әкімдерді де үнемі қабылдайды, дегенмен әкімдердің өз шындығы бар.
Содан болар, Президент ел ішіндегі жағдайды Ұлттық құрылтай мүшелерінің аузынан естуді құп көреді.
Ұлттық құрылтай – елдің үнін Президентке тікелей жеткізетін жалғыз алаң.
Ел ішінде жүрген азаматтар өңірдегі мәселелерді Мемлекет басшысына өздері баяндайды.
Құрылтайда көтерілген мәселелер міндетті түрде назарға алынады.
Ұлттық құрылтайдың ерекшелігі осында, - дейді Ұлттық құрылтай мүшесі.