Қызметте өзге тілдерді білу маңызды – туристік полицей
Астанаға алыс-жақын шетелден ресми тұлғалар, саяхаттаушылар мен туристер, іскерлік мақсатта келетін кәсіпкерлер қашан да көп. Шетелдіктердің көрікті жерлерді аралап, діттеген жеріне алаңсыз жетуінен бөлек, құқықбұзушылық болған жағдайда көмек беретін туристік полицияның қызметі маңызды. Елордада 4 жерде орналасқан мұндай полиция бекеттері туристерге тұрақты қызмет көрсетіп келеді. Қазақстан Полициясы күніне орай Elorda.info тілшісі Астана қаласы Полиция департаменті патрульдік полиция полкінің (туристерге қызмет көрсету) қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Құлпынай Тәңірбергенмен кездесіп, шетел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы тілдесті.
Елімізде туристік полиция қызметі 2019 жылы құрылған. Содан бері полиция бекеттері елордада ғана емес, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында ашылды.
«Байтерек» монументі аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген Құлпынай Тәңірберген туристермен қарым-қатынас жасау үшін қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.
Полиция аға лейтенантының сөзінше, туристік полицейлердің жұмыс күні таңғы таралымнан басталады.
Құлпынай Тәңірбергеннің айтуынша, елордаға мамырдан қыркүйек айына дейін туристер көп келеді. Олардың басым көпшілігі соңғы кезде республикалық Бас мешітке қызығушылық танытқан.
Туристік аумақта иесі қалдырып немесе ұмытып кеткен жеке заттарды тауып алу жағдайы да кездеседі. Ондай уақытта полиция қызметкерлері жоғалған зат иесін анықтауға және ол келгенше заттың сақталуын қамтамасыз етеді.
Әңгімелесу барысында кейіпкерім қызмет барысында болған оқиғасымен бөлісті.
Құлпынай Тәңірберген алдағы уақытта француз тілін үйренуге ниетті.
Кейіпкерім полицияда қызмет етуді бала кезінен армандаған. Егер мүмкіндік болып жатса шетелге тәжірибе алмасуға баратынын жасырмады.
Елордаға келетін шет ел азаматтары туристік полиция қызметкерлерінің бірнеше тілді меңгеріп, кез келген туристпен тілдесе алатынына таңданыспен қарайды.
Жақында Мемлекет басшысының төрағалығымен туризмді дамыту жөнінде кеңес өтті. Президент өз сөзінде туристік аймақтарға тоқталып, жалпы еліміздегі туризм әлеуетін дамыту туралы бірқатар тапсырма берді. Бас қаламызға шетелдіктер келсе, алдымен көрікті жерлерге бас сұғады. Олардың қауіпсіздігімен қатар, барар жеріне жол көрсететін де, сұрағына өз тілінде жауап беретін де, елімізге саяхаттап келетіндер санының одан әрі артуына себепкер болатын да - туристік полицейлер.
-->

Мен Ішкі істер органдарында 2015 жылдан бері қызмет етемін. Ал туристік полицияға осыдан 4 жыл бұрын келдім. Біздің жалпы міндетіміз елордаға келген шетел азаматтарына көмек көрсету. Егер туристік аумақта шетелдіктерге қатысты құқықбұзушылықтар анықталса, акт толтырып, жақын маңдағы аудандық полиция бөліміне жеткіземіз. Туристік полицей міндетті түрде шет тілдерін білу керек. Бүгінде қазақ орыс және түрік тілдерінде еркін сөйлеймін, ағылшын тілін жетілдіріп жатырмын. Астана туралы ақпарат алуға жүгінген туристерге көрікті жерлер мен ұлттық тағамдарымыз туралы айтып берген ұнайды,- дейді ол.
Полиция аға лейтенантының сөзінше, туристік полицейлердің жұмыс күні таңғы таралымнан басталады.
Біз күнделікті таралымға қатысамыз. Кейін бекетке келіп, түнгі ауысымдағы әріптестерімізден қажетті ақпаратты қабылдаймыз. Одан кейін туристік аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тексеру басталады. Қыста жаяу жүріп өтсек, жазда электромобиль қолданылады. Осылайша аумақты әр 40-50 минут сайын тексеріп тұрамыз. Кеудемізде бейнетіркегіш ілініп тұрады, соған барлық іс-әрекетіміз жазылып, тіркеледі. Орталықпен үнемі рация арқылы байланыстамыз,- дейді ол.
Құлпынай Тәңірбергеннің айтуынша, елордаға мамырдан қыркүйек айына дейін туристер көп келеді. Олардың басым көпшілігі соңғы кезде республикалық Бас мешітке қызығушылық танытқан.
«Байтерек» монументіне өте көп шетелдіктер келеді. Туристердің басым көпшілігі қаладағы көрікті жерлер, валюта айырбастау орындары, әуежайға жету жолдарын сұрайды. Соңғы кезде республикалық Бас мешіт туралы сұрайтындар көбейді. Біздің бекетте елордадағы көрікті орындар мен тамақтануға болатын жерлер белгіленген ақпараттық парақшалар бар. Олар ағылшын, қытай және орыс тілдерінде жазылған. Қажет болғанда туристерге ұсынамыз. Шетелдіктердің такси шақыру туралы сұрағына да жауап береміз. Біз туристерге ғана емес, еліміздің басқа өңірінен келген адамдарға да көмек көрсетеміз,- дейді кейіпкерім.
Туристік аумақта иесі қалдырып немесе ұмытып кеткен жеке заттарды тауып алу жағдайы да кездеседі. Ондай уақытта полиция қызметкерлері жоғалған зат иесін анықтауға және ол келгенше заттың сақталуын қамтамасыз етеді.
Аумақты аралау барасында түрлі заттар тауып алып жатамыз. Төлқұжаты болған жағдайда иесін анықтап, табыстаймыз. Кейде туристер тауып алған затты бекетке әкеліп жатады. Біз шетел азаматтарының өтінішін күнделікті тіркеп отырамыз. Шетелдік азамат заңсыз әрекет жасаған жағдайда немесе бір затын жоғалтып полицияға арыз жазатын кезде де біз көмектесеміз. Туристер бізге рахметін айтып, тіпті естелікке суретке түсеміз,- дейді Құлпынай Тәңірберген.
Әңгімелесу барысында кейіпкерім қызмет барысында болған оқиғасымен бөлісті.
Осыдан 3 жыл бұрын қаңтар айында патрульдеу барысында рация арқылы шақырту түсті. Онда дене жарақатын алған 42 жастағы түрік азаматшасына көмек көрсету туралы айтылды. Ол кісі мұз айдында баласын ойнатып жүріп құлаған, содан мұрны сыныпты. Оқиға орнына барып, жедел жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсетіп, ауруханаға бірге бардым. Дәрігерлер толық тексергенше жанында болып, туристке де дәрігерлерге де түрікше сөйлесуге көмектестім. Кейін Түркия Республикасы елшілігі атынан Алғыс хат алдым,- дейді ол.
Құлпынай Тәңірберген алдағы уақытта француз тілін үйренуге ниетті.
Универститетте оқыған кезде түрік тілін меңгеріп шықтым. Осыдан үш жыл бұрын қалалық Полиция департаментінің бастамасымен ағылшын тілі курсына бардым. Алдағы уақытта француз тілін үйренуге қызығушылығым бар, бірақ өкінішке орай қаламызда мұндай тіл курсы аз. Қызмет барысында өзге тілдерді білгеннің пайдасы көп. Себебі күнделікті жұмыстан тыс демалыс күндері аудандық полиция бөлімдеріне көмекке шақырып қалады,- дейді туристік полицей.
Кейіпкерім полицияда қызмет етуді бала кезінен армандаған. Егер мүмкіндік болып жатса шетелге тәжірибе алмасуға баратынын жасырмады.
Жалпы мұндай салада жұмыс істеу оңай емес. Туристік полиция болудың басқа жұмыс түрі сияқты қиындығы мен артықшылығы бар. Жауапкершілікті талап етеді. Кейде үй шаруасына үлгермей жататын кездер болады, оған менің ата-анам мен жақындарым түсіністікпен қарайды. Жұмыстан тыс уақытта қызықты кітаптарды оқимын. Егер мүмкіндік болып жатса тәжірибе алмасуға өзге елге баратын едім, жалпы болашақта шетелде білім алу ойымда бар,- дейді ол.
Елордаға келетін шет ел азаматтары туристік полиция қызметкерлерінің бірнеше тілді меңгеріп, кез келген туристпен тілдесе алатынына таңданыспен қарайды.
Осыдан бір ай бұрын елімізге саяхаттап келген Германияның туристік полиция қызметкерлері біздің бекетке келді. Оларды жұмыс барысы мен полицияға жұмысқа кіретін кезде қойылатын талаптар қызықтырды. Әңгіме соңында киіміміздегі «шевронмен» алмасып, естелікке фотоға түстік. Байқағанымыздай, олар біздің полицияға қызығушылық білдіріп, тіпті туристік полиция қызметкерлерінің бірнеше тіл білетініне таң қалды,- дейді Құлпынай Тәңірберген.