Әлеумет

Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілерге ескерткіш орнатылады

Ескерткіштің жобасы қаза тапқан кеншілердің жақындарына таныстырылды. Талқылау барысында олар өз ұсыныстарын да айтты.

Мемориалдың жобасын танымал мүсінші Игорь Баграмов ұсынды.

Еске салсақ, Костенко шахтасында болған жарылыстан 46 шахтер қаза тапқан еді.

-->

Ескерткіштің жобасы қаза тапқан кеншілердің жақындарына таныстырылды. Талқылау барысында олар өз ұсыныстарын да айтты.

Қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен кездесу өткіздік. Біздің компания монумент салуға қаражат бөлу туралы түбегейлі шешім қабылдады, - деді «Qarmet» АҚ-ның еңбек қатынастары жөніндегі директоры Ерболат Дүйсіпов.

Мемориалдың жобасын танымал мүсінші Игорь Баграмов ұсынды.

Қазір біз макет, жоба, эскиздер ұсындық. Оның қай жерде орнатылатыны талқылануда, - деп түсіндірді мүсінші.

Еске салсақ, Костенко шахтасында болған жарылыстан 46 шахтер қаза тапқан еді.