Әлеумет

Мас күйінде көлік жүргізген Қостанайдың бас имамы қызметінен кетті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы  мас күйінде көлік жүргізген бас имамға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Әлеуметтік желілерде Қостанай облысының имамы Бахытбек Тәжімбеттің 2024 жылдың 23 шілдесінде Ақмола облысының Бурабай кентінде автокөлігін масаң күйде жүргізіп, жол ережесін бұзғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Осы оқиғаға байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әлеуметтік желідег ресми парақшада түсініктеме берді.

-->

«Діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ. ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бахытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды», - делінген хабарламада.