Әлеумет

Конституциялық Сотқа жыл басынан бері қанша өтініш түскен

Конституциялық Сотқа жыл басынан бері 2400-ге жуық өтініш түскен, деп хабарлады Elorda.info. 

Биылғы 4 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін азаматтардан 2 386 өтініш түскен. Оның 358-і қазір «Конституциялық Сот туралы» Заңның талаптарына сәйкестігі қаралу кезеңінде. Судьялардың зерделеуіне өткен өтініш саны 34-ке артқан. 

Өтініштер мазмұнына келсек, соттардың шешімдерін қайта қарау – 43%, ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету – 3,6%, еңбек және зейнетақы заңнамасы шеңберінде құқықтарын қорғау – 2%, қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы құқықтарды қорғау – 1,4% және т.б. Ал, 22%-ы нормативті құқықтық акті немесе оның жекелеген ережелерін Конституцияға сәйкес емес деп тану мәселелері бойынша жүгінген. 

Өңірлерден түскен өтініштерді апта сайын талдау қорытындысы бойынша белгілі болғаны, олардың басым бөлігі Астана және Алматы қалаларынан, Қостанай, Қарағанды мен Жамбыл облыстарынан. 

Осы жылғы 1 қаңтардан бастап Конституциялық Сот 8 нормативтік қаулының ішінен азаматтардың өтініштері бойынша 5 нормативтік қаулы шығарды. Конституциялық Сот Салық кодексінің, Қылмыстық-атқару кодексінің, мемлекеттік қызмет, зейнетақымен қамсыздандыру және қылмыстық іс жүргізу кодексі саласындағы заңдардың, Әлеуметтік кодекстің және Әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Заңның жекелеген нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексерді.
 
-->