«Компромисс керек»: Асхат Аймағамбетов үлгілі отбасы болу үшін не қажет екенін айтты
Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов журналист Әйгерім Есенәлінің «Шынайы» бағдарламасына берген сұхбатында 20 жыл бұрын отбасын құрған тәжірибелі жар, әке ретінде шаңырақтың беріктігін сақтап тұратын құпиясымен бөлісті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Отбасы құрғаныма 20 жылдай уақыт болды. Екі баланы тәрбиелеп жатырмыз. Қазақта «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген бар. Бұл – күнделікті жұмыс. Ол 20 жаста болғанда жай ғана романтика сияқты қабылданады ғой. Дегенмен отбасы болу, ең бірінші, өзіңмен жұмыс. Өйткені екі азамат бөлек отбасында туып-өсті, екі бөлек тәрбие алды. Олардың бір шаңырақтың астында өмір сүруі - әрқашан компромисс. Ерлі-зайыпты әрқашан бір-бірімен дұрыс көзарас, тіл табыса алуы керек. Бір-біріне деген қолдау, қамқорлық, құрмет, әрине, махаббат. Отбасының іргесі бір-бірін түсінген адамдар үшін жыл өткен нығая беретін сияқты. Өмір өткен сайын түрлі жағдайда боласың. Адам болған соң ауырасың, үйіңде әртүрлі оқиғалар болады. Оның барлығын сол адаммен бірге көріп, сол жолдан өтесің. Оның барлығы арадағы қарым-қатынасты тек қана нығайтады. Әр адам бөлек тұлға болған соң, әрқайсының өзі көзқарасы, талғамы бар, жоспарлары бар. Бірақ соның барлығын үйлестіріп, құрмет, қамқорлық және махаббатты жоғалтып алмай компромиске келіп, балалардың тәрбиесіне көңіл бөлу керек», - деді Аймағамбетов