Құлсарыдағы тұрғын үйлердің құрылысын онлайн бақылауға болады
Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккендерге арнап салынып жатқан тұрғын үй құрылысының барысын камера арқылы бақылауға болады, деп хабарлады Elorda.info Ақжайыққа сілтеме жасап.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бастамасы бойынша ЦДИАӨМ, Sergek Group, «ҰАТ» АҚ және әкімдіктермен бірлесіп, су тасқынынан зардап шеккендер үшін жаңа тұрғын үйлер салу орындарында бейнекамералар орнатылды.
-->Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бастамасы бойынша ЦДИАӨМ, Sergek Group, «ҰАТ» АҚ және әкімдіктермен бірлесіп, су тасқынынан зардап шеккендер үшін жаңа тұрғын үйлер салу орындарында бейнекамералар орнатылды.
Біз бұған дейін gov.kz платформасында су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілетін орындардан трансляция шығардық. VMS кешенді жүйесінің көмегімен қазақстандықтар зардап шеккендер үшін салынып жатқан тұрғын үй құрылысының барысын бақылай алады. Қазақстандықтардың өмірін жақсарту, олардың қауіпсіздігі мен ақпараттандырылуы үшін әзірлеген технологияларды қолдану - біздің әлеуметтік жауапкершілігіміз. Біз ел үшін қиын уақытта пайдалы болғанымызға қуаныштымыз. Біздің қызметкерлер өз құзыреті шегінде қажетті көмек көрсету үшін ТЖ жедел штабтарында және су басқан елді мекендерде еңбек етуде, - деп бөлісті Sergek Group бас директоры Асет Ахметов.