Әлеумет

Көктемгі дала жұмыстарына 580 млрд теңге бағытталады

Ауыл шаруашылығы министрлігінің өңірлермен өткен жиынында егіс науқанын қаржыландыру және шегірткемен күрес мәселелері талқыланды, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл алғаш рет көктемгі дала жұмыстарын несиелендіруге 580 млрд теңге бағытталады, оның 400 млрд теңгесі - коммерциялық қарыз капиталы. Ол бойынша да жеңілдікті мөлшерлеме қолданылатын болады.

Сондай-ақ тыңайтқыштарды енгізу көлемін ұлғайту, құрғақшылыққа әкеп соғуы мүмкін қалыптан тыс жоғары температураға байланысты тәуекелдер сөз болды. Сондай-ақ биылғы жылы табиғи шарықтау шегі болатын шегірткелердің таралуына қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

-->

Биыл алғаш рет көктемгі дала жұмыстарын несиелендіруге 580 млрд теңге бағытталады, оның 400 млрд теңгесі - коммерциялық қарыз капиталы. Ол бойынша да жеңілдікті мөлшерлеме қолданылатын болады.

Жаңа механизм фермерге «таза» 5 пайызбен несие алуға мүмкіндік береді, ал несие мерзімі 12 ай. Кепіл тапшылығы мәселесін шешу үшін Аграрлық несие корпорациясында «Даму» қорының құралдары арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің несиелеріне кепілдік беру тетігі іске асырылуда, ол несие сомасының 85% мөлшерінде кепілдік береді,-деп жазды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.