Келер жылы 37 мыңнан астам қызметкер арнайы төлемдер ала алады
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі hr.enbek.kz сайтын әзірледі. Оның сілтемесі еңбек жағдайлары зиянды кәсіпорындарға жіберілді. Төлемге үміткер осы сайтқа кіріп, өзінің ЖСН арқылы тіркеліп, қажетті ақпаратты ала алады. Төлемдер сомасы 208 мың теңгеден басталады.
Оның айтуынша, критерийлерге сәйкес келетін 37 мың адам бір уақытта өтініш бере алады. Қосымша келісім бойынша төлем алушы өзінің бұрынғы өндірісінде тәлімгер бола алады немесе «Күміс жас» сынды әлеуметтік органдардың бірқатар бағдарламасына қатыса алады.
-->Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі hr.enbek.kz сайтын әзірледі. Оның сілтемесі еңбек жағдайлары зиянды кәсіпорындарға жіберілді. Төлемге үміткер осы сайтқа кіріп, өзінің ЖСН арқылы тіркеліп, қажетті ақпаратты ала алады. Төлемдер сомасы 208 мың теңгеден басталады.
Мұнда міндетті талап бар. Еңбек шарты бұзылған жағдайда ғана жүйе үміткердің өтінішін қабылдамайды. Қазір бізде барлық еңбек шарты электронды форматта жүргізіліп жатыр. Біз жүйеде оны қадағалап отырмыз. Егер еңбек шарты бұзылмаса, біз жұмыс берушіден ақпарат алмаймыз. Демек, қызметкер жұмысын жалғастырады және жалақысын алады. Бірақ ол енді төлем алуға жүгіне алмайды. Жүйе оның тағайындалуына жол бермейді. Жұмыс беруші еңбек шартын бұзған кезде азаматты өз өндірісіндегі жеңіл жұмысқа жібере алады. Тараптар қосымша келісім жасасады, ол туралы біз автоматты түрде хабарлама аламыз және жүйенің барлық қатысушысымен төлем тағайындау бойынша жұмысты бастаймыз, – деді Светлана Жақыпова.
Оның айтуынша, критерийлерге сәйкес келетін 37 мың адам бір уақытта өтініш бере алады. Қосымша келісім бойынша төлем алушы өзінің бұрынғы өндірісінде тәлімгер бола алады немесе «Күміс жас» сынды әлеуметтік органдардың бірқатар бағдарламасына қатыса алады.