Қазақстанның жас математиктері халықаралық олимпиадада жеңіске жетті
Өзбекстанда 135 оқушының қатысуымен Әл-Харезми атындағы халықаралық математика олимпиадасы өтті. Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркіменстан және Тәжікстаннан келген оқушылар сайысқа түсті, деп хабарлады Elorda.info.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт медаль жеңіп алған. Оның 2 алтын, 1 күміс және 1 қола.
Шерхан Жақсылық - Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация» мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;
Орынбасар Бердібек - Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
Темірлан Әбішев - Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
Батырхан Аружан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы.
Құрама команданың жетекшісі – Ибрагим Ибатулин, «Үздік педагог» номинациясының иегері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.
Естеріңізге салсақ, бірінші олимпиада 2023 жылы өтіп, оған 5 елден 72 қатысушы жиналған. Онда Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс медальді еншіледі.
-->Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт медаль жеңіп алған. Оның 2 алтын, 1 күміс және 1 қола.