Қазақстандықтар үшін ақысыз Data Scientist курсы ашылды
Enbek.kz электрондық еңбек биржасының экожүйесінің бөлігі болып табылатын Skills Enbek білім беру платформасында жаңадан бастаушылар мен оқуды жалғастыратын азаматтарға арналған тегін курстардың тізімі Data Science, Python, интернет-қауіпсіздік, product және HR-менеджмент курстарымен кеңейтілді. Бұл туралы Elorda.info Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Бұл курстар мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылған, олардың ұзақтығы 72 сағатты құрайды. Курстарды аяқтағаннан кейін тыңдаушылар белгілі бір кәсіби салада белгілі бір цифрлық дағдыларды немесе қосымша құзыреттерді игереді деп жоспарлануда.
Осылайша «Data Scientist» курсы деректер ғылымының саласын игеруге ұмтылатындарға арналған. Курстың мақсаты – деректерді жинау, өңдеу, деректерді талдау және машиналық оқыту негіздерін қоса алғанда, Data Science негізгі аспектілерін жан-жақты түсінуді қамтамасыз ету.
«Жаңадан бастаушыларға арналған Python» курсы оны бастаушыларға арналған және Python тілінде бағдарламалауға кіріспе болып табылады. Курс Python синтаксисінің негіздерінен бастап мәліметтер базасымен жұмыс істеуге және объектіге бағытталған бағдарламалауға кіріспеге дейінгі көптеген тақырыптарды қамтиды.
«Интернет қауіпсіздігі бойынша маман» курсы интернет қауіпсіздігінің барлық негізгі тұжырымдамалардан бастап, цифрлық кеңістіктегі шабуыл және қорғаныс стратегияларына дейін негізгі аспектілерін қамтиды. Курстың мақсаты – әртүрлі салалардағы киберқауіптердің тиімді алдын алу, анықтау және оларға жауап беру үшін мамандар даярлау.
«Продакт-менеджер» курсы өнімді басқару саласында мансапты дамытуға ұмтылатындарға арналған. Бұл курс осы серпінді және сұранысқа ие салада табысты бастау үшін қажетті білім мен дағдыларды қамтиды.
«HR-менеджер» курсы HR саласындағы кәсіби жолын енді ғана бастағандар және персоналды басқару негіздерін меңгергісі келетіндер үшін арнайы әзірленген. Курс қажетті білім мен дағдыларды қамтамасыз етеді.
«Skills Enbek қазақстандықтарға жаңа дағдыларды игеруге немесе қолданыстағыларын жетілдіруге мүмкіндік беретін түрлі салаларда тегін және ақылы курстардың кең спектрін ұсынады. Платформада барлығы 408 мыңнан астам қазақстандық тіркелді, оның 51 мыңнан астамы 2024 жылы тіркелген. Skills Enbek курстарының саны 488-ге жетті, оның 254-і тегін. 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап курстық оқыту Enbek мобильді қосымшасы арқылы қол жетімді, оны Google Play және App Store-дан жүктеуге болады», - деп көрсетті министрліктің баспасөз қызметі.
Пайдаланушылар үшін дағдыларды игеру туралы сертификат беру көзделген, ол автоматты түрде Enbek.kz электрондық еңбек биржасындағы түйіндемеде көрсетіледі.
-->Бұл курстар мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылған, олардың ұзақтығы 72 сағатты құрайды. Курстарды аяқтағаннан кейін тыңдаушылар белгілі бір кәсіби салада белгілі бір цифрлық дағдыларды немесе қосымша құзыреттерді игереді деп жоспарлануда.