Әлеумет

Қазақстанда жастар арасында SportArtFest байқауы басталды

Барлық өңірлерден келген командалар білім, спорт және шығармашылық қабілеттері бойынша үздік атану үшін күресетін болады, деп хабарлады Elorda.info.

SportArtFest байқауы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ules» жобасы аясында өткізіліп жатыр. Аталмыш іс-шара жастарды оқуға, өнерге және спортқа баулу, сондай-ақ елімізде салауатты орта қалыптастыруға бағытталған.

Байқаудың алғашқы үш кезеңі өңірлік деңгейде, төртіншісі республикалық деңгейде өтеді. Әр командада 5 адам бар.

Әуелі топтар Қазақстан тарихы, отандық және әлемдік спорт, мәдениет саласы бойынша сұрақтардан тұратын зияткерлік тест тапсырады. Содан кейін командалар спорттық челленджден өтуі керек. Ал, үшінші кезеңде оларды ұйымдастырушылар бекіткен бес кітап бойынша IQ-buttle күтеді.

Финалистер Алматыда өтетін республикалық кезеңде өңір намысын қорғауға барады. Жүлде қоры 1 600 000 теңгені құрайды.

Конкурсқа 8 тамызға дейін ulesqos.kz сайтында тіркелуге болады.

-->