Әлеумет

Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы артты

Жыл басынан бері Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржолмен жүк тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға ұлғайып, 12,8 млн тоннаны құрады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл ретте экспорт 17%-ға, яғни  8 млн тоннаға дейін өсті. Қазақстанға темір жол арқылы 4,8 млн тонна жүк әкелінді, бұл көрсеткіш 6%-ға артты.

-->

Бұл ретте экспорт 17%-ға, яғни  8 млн тоннаға дейін өсті. Қазақстанға темір жол арқылы 4,8 млн тонна жүк әкелінді, бұл көрсеткіш 6%-ға артты.

Қаңтар-мамыр айлары қорытындысы бойынша Алтынкөл – Қорғас станциялары арасында жүктерді тасымалдау өткен жылғы деңгейге қарағанда 7%-ға,  яғни 5,3 млн тоннаға дейін ұлғайды. Достық станциясы арқылы ҚХР-ға және кері бағытта 7,4 млн тонна жүк берілсе, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17%-ға жоғары,- деп жазылған хабарламада.