Қазақи құндылығымызды көтеру үшін этнолагерьге көңіл бөліну керек – Арайлым Рахымқызы
Елімізде соңғы жылдары салт-дәстүрді оқушыларға насихаттау, олардың бойына елжандылықты қалыптастыруға аса мән беріліп келеді. Оған жазғы демалыста мектеп жанынан ашылған этнолагерьлер дәлел. Мектеп ауласына тігілген киіз үйдегі демалыс қалай өтіп жатқаны туралы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Бабалар аманаты» тарихи-мәдени қоғамдық қорының жетекшісі Арайлым Рахымқызы айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.
фото:85-мектеп лицейі
Этнолагерьде қазақтың ұлттық дәстүрі мен ойындары дәріптеледі. Былтыр елордада мұндай бір ғана лагерь болса, қазір олардың саны 20-ға жетті. Бүгінде оқушыларға ұлттық құндылықты тереңірек түсіндіру мақсатында қаладағы «Бабалар аманаты» тарихи-мәдени қоғамдық қоры «Ақ кимешекті – киелім» аналары өз үлесін қосып келеді. Қор жетекшісі Арайлым Рахымқызының сөзінше, ақ жаулықты аналар күнделікті этнолагерьлерге барып, салт-дәстүр, ұлттық тағамдар мен ойындарды дәріптеп жүр.
фото: 67-мектеп лицейі
фото:79-мектеп лицейі
Этнолагерьде әр күн оқушылардың мемлекеттік әнұранды орындауымен басталады. Сонымен қатар оқушыларға ұлттық тағамдардың жасалу әдісі түсіндіріледі.
фото:85-мектеп лицейі
Этнолагерьде ұлттық ойындар да шетте қалмайды. Балалар тоғызқұмалақ ойнайды. Ауылдағыдай ләңгі теуіп, асық атады.
фото:59-мектеп лицейі
-->

Биыл Астана қаласы Білім басқармасымен бірлесе қаланың 20 мектебінде маусым айынан бастап этнолагерь ашылды. Біздің апаларымыз қазіргі балалар тәрбиесіне аса қатты назар аударады. Әсіресе олардың рухани-мәдениет тәрбие көруі бүгінгі заманда өте маңызды. Этнолагерьлерде балаларға салт-дәстүр, ұлттық тағамдар мен ойындар көрсетіледі. Ер балалар үшін аталарымыз арнайы барып, ағашпен қалай жұмыс істеу керек, балғаны қалай ұстап, шегені қалай қағу керек екенін көрсетіп жүр. Әр мектепке екі апамыздан барып, осы лагерьдегі балалармен бірге түске дейін бірге пайдалы уақыт өткізеді,- дейді Арайлым Рахымқызы.
фото:79-мектеп лицейі
Этнолагерьде әр күн оқушылардың мемлекеттік әнұранды орындауымен басталады. Сонымен қатар оқушыларға ұлттық тағамдардың жасалу әдісі түсіндіріледі.
Ақ жаулықты әжелеріміздің істеп жатқан жұмысы балаларға үлгі болады. Әр мектеп өз ауласына киіз үй құрып, оның ішін безендіріп, қажетті заттарды қойды. Біздің апаларымыздың ішінде шаңқобызда ойнайтын, домбыра шертетін, құрақ көрпе тігетін, ұршық иіретін, киіз басуды үйрететін, алаша тоқитын өнерлі апаларымыз бар. Олар өз білген дүниелерін балаларға түсіндіруде. Одан бөлек ұлттық тағамдар жасауға мән беріледі. Апаларымыз балалармен бірге бауырсақ пісіріп, тіпті табиғат аясында суық көже де дайындады,- дейді қор жетекшісі.
фото:85-мектеп лицейі
Этнолагерьде ұлттық ойындар да шетте қалмайды. Балалар тоғызқұмалақ ойнайды. Ауылдағыдай ләңгі теуіп, асық атады.
Жалпы балалардың қызығушылығы өте жақсы. Қазақи құндылығымызды көтереміз десек, осындай этнолагерьге көңіл бөліну керек. Келесі жылы елордада мұндай лагерьлер саны артады деп сенемін,- дейді Арайлым Рахымқызы.
фото:59-мектеп лицейі