«Қарызсыз қоғам»: Қайда, қашан және қалай өтіп жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың қаржылық сауатын арттыру қажеттігін айтып, «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейтуді тапсырған болатын. Соған байланысты«AMANAT» партиясы Үкіметпен бірлесіп биыл аталған жобаны еліміздің барлық өңірінде өткізіп жатыр. Elorda.info тілшісі жобаға қатысып, курстың қалай өтетінімен танысып қайтты.
«AMANAT» партиясы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Президент Жолдауында айтылған тапсырманы іске асыру мақсатында өткен жылы «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасын қолға алған болатын. Былтыр жоба еліміздің 8 өңірінде ұйымдастырылды. Жоба сарапшылары қызығушылық танытқан азаматтардың көп екенін әрі оның тиімділігін ескеріп, биылдан бастап барлық аймақта курс ашуды қолға алды.
Курсқа кез келген адам онлайн тіркеле алады. Қазақстандықтарға курстан өту барынша ыңғайлы болуы үшін Qogamfin.kz арнайы білім беру платформасы әзірленген.
qogamfin.kz сайтына кіріп, «Курсқа қатысу» деген батырманы басуы қажет. Жобаға қатысуға ниетті азаматтар бірнеше сұраққа жауап береді. Аты-жөні, байланыс номері, тұрғылықты жері, әлеуметтік мәртебесі мен жалақы және несие мөлшерін көрсетуі тиіс. Сауалнама сұрақтарына жауап жолданғаннан кейін жобаның жетекшілері хабарласып, курс өтетін орын мен басқа да ақпараттарды ұсынады.
Қазір Қазақстан бойынша «Қарызсыз қоғам» курсын 120 сарапшы өткізіп жатыр. Елордада бір уақытта 5 орында тренинг ұйымдастырылған. Әрқайсында шамамен 50 адам білім алады.
Курстың ұзақтығы 5 күн, қазақ және орыс тілдерін таңдау мүмкіндігі қарастырылған.
Жоба менторларының бірі Рауан Ерғалиевтің айтуынша, 5 күндік бекітілген ортақ бағдарлама бар.
Курс бағдарламасы қарапайым тақырыптан басталып, күрделіге көшеді. Мәселен алғашқы күні отбасы бюджетін жоспарлау және басқару, қолда бар ақшаны үнемдеу және көбейту жолдары, несие және оның түрлері, пайызды есептеу формуласы, депозиттер туралы айтылды. Кейін инвестиция, банкроттық, Қазақстанның қор биржасы, акция мен облигациялар, брокерлік компаниялар мен олардың жұмысы жайлы тақырыптарға көшеді.
Рауан Ерғалиев бұл курстың оң әсері дәл қазір байқалмағанымен кейін пайдасы тиеді деп санайды. Өйткені қатысушылар алдағы уақытта несие алатын болса, қазіргідей банктің ақша бергеніне қуанып, келісімшартты оқымастан бірден қол қоя салмай, оның пайыздық үстемесіне, жасырын комиссия мен басқа да жағдайларға мән беретін болады.
Жобаның тағы бір артықшылығы бір жыл бойы заңгерлерден тегін консультация ала алады. Мамандар банкпен немесе басқа да қаржылық ұйымдармен жасалған келісімшарттар бойынша немесе құзырлы органдарға жолданатын құжаттарды сауатты толтыруға, жалпы қаржы мәселесіне қатысты жасалатын әрбір қадамына көмектесе алады.
Биыл сарапшылар елордада 9 мыңға жуық адамды оқытуды жоспарлап отыр.
-->«AMANAT» партиясы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Президент Жолдауында айтылған тапсырманы іске асыру мақсатында өткен жылы «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасын қолға алған болатын. Былтыр жоба еліміздің 8 өңірінде ұйымдастырылды. Жоба сарапшылары қызығушылық танытқан азаматтардың көп екенін әрі оның тиімділігін ескеріп, биылдан бастап барлық аймақта курс ашуды қолға алды.
Курсқа кез келген адам онлайн тіркеле алады. Қазақстандықтарға курстан өту барынша ыңғайлы болуы үшін Qogamfin.kz арнайы білім беру платформасы әзірленген.
qogamfin.kz сайтына кіріп, «Курсқа қатысу» деген батырманы басуы қажет. Жобаға қатысуға ниетті азаматтар бірнеше сұраққа жауап береді. Аты-жөні, байланыс номері, тұрғылықты жері, әлеуметтік мәртебесі мен жалақы және несие мөлшерін көрсетуі тиіс. Сауалнама сұрақтарына жауап жолданғаннан кейін жобаның жетекшілері хабарласып, курс өтетін орын мен басқа да ақпараттарды ұсынады.
Қазір Қазақстан бойынша «Қарызсыз қоғам» курсын 120 сарапшы өткізіп жатыр. Елордада бір уақытта 5 орында тренинг ұйымдастырылған. Әрқайсында шамамен 50 адам білім алады.
Курстың ұзақтығы 5 күн, қазақ және орыс тілдерін таңдау мүмкіндігі қарастырылған.
Жоба менторларының бірі Рауан Ерғалиевтің айтуынша, 5 күндік бекітілген ортақ бағдарлама бар.
«Алайда курстың алғашқы сабағында аудиторияның қажеттілігі мен сұранысын анықтау мақсатында міндетті түрде қандай тақырыптардың қамтылғанын қалайтынын анықтаймыз. Курс бекітілген тақырыптар бойынша өткенімен, қатысушыларың сұраныстары мен ой-пікірлері ескеріліп, олардың сұрақтарына жауап береміз», - деді ол.