Қайын атасының атына 6 млн теңге онлайн несие рәсімдеген степногорлық азамат ұсталды
Степногорск қаласының тұрғыны туысының атына заңсыз несие рәсімдеген, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақмола облысының тұрғыны туысының банк қосымшасына қол жеткізіп, оның атынан 6 млн 385 мың теңге онлайн-несие алған. Жәбірленуші қарызы туралы коллекторлар хабарласқанда ғана білген.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
-->Ақмола облысының тұрғыны туысының банк қосымшасына қол жеткізіп, оның атынан 6 млн 385 мың теңге онлайн-несие алған. Жәбірленуші қарызы туралы коллекторлар хабарласқанда ғана білген.
«31 шілдеде жәбірленуші Степногорск қаласының полиция басқармасына арыз түсірді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері онлайн несиені жәбірленушінің күйеу баласы ресімдегенін анықтады», - деп көрсетті полицейлер.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.