Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жобаға 756 мыңнан астам адам қатысты
2023 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 756,2 мың адам қатысты. 555,7 мың адам жұмысқа орналасты, оның 357,4 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлады Elorda.info.
Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 46,1 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 42 мыңы оқуды аяқтады.
Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 133,4 мың адам қамтылды, оның ішінде 99 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.
Қызмет саласын таңдау мақсатында 143,9 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.
Бұдан басқа, былтыр Ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Жыл ішінде 9 102 грант берілді.
-->
Субсидияланатын жұмыс орындарына 198,3 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен – 17,4 мың адам, жастар практикасымен – 33,9 мың адам, қоғамдық жұмыстармен – 121,4 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында – 9,9 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында – 493 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 15,2 мың адам жұмыспен қамтылды, - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында.