Әлеумет

Кәрімбек Құрманғалиев: Президенттің құндылықтар жүйесін жаңғырту жайында айтқандары әсер етті

-->

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліне етене жақын «Egemen Qazaqstan» газетіне - академик Дихан Қамзабекұлына  берген сұхбатын мұқият оқып шықтық. Әртүрлі тақырыпты қаузаған ашық сұхбатта елді толғандырған мәселелер толыққанды қамтылыпты. Құрылымдық жағынан жинақы, айтылар ойы нақты, жатық тілмен жұртшылыққа жеткізілген мәлімделердің мәні маңызды екенін айтқанымыз абзал.   

Президент жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі ретінде маған Мемлекет басшының ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру ісі, қоғамның құндылықтар жүйесін жаңғырту жайында айтқандары зор әсер етті.

«Біздің бұрын кім болғанымыздан қазір кім екеніміз, ең бастысы, болашақта кім болатынымыз әлдеқайда маңызды. Сондықтан қандай қиындықтан өткенімізді бағамдайтын кезде ғана ауызбіршілік танытпай, баянды болашаққа да бірге қадам басуы­мыз қажет. Біз өткенді аң­саумен өмір сүрмеуіміз керек. Керісінше, келешегімізді кемел етуге ұмтылып, ұлттың ұлылығын нақты іспен дәлелдеуге тиіспіз»- деп ел келешегі үшін айрықша маңызды мәселелерге тоқтала келіп, елімізде еңбекқорлық пен жасампаздық жоғары бағалануға, білімпаздық пен жаңашылдық салтанат құруға тиіс екендігін тілге тиек етті.

Үнемі жалпыұлттық құндылықтарға мән беруді мәлімдеп жүрген  Мемлекет басшысы, еңбекқорлық, білімпаздық, кәсібилік, бірлік, ынтымақ, жанашырлық, іскерлік, бастамашылдық, адалдық, қарапайымдылық және үнемшілдік – нағыз отаншыл, адал азаматқа тән қасиеттер мен құндылықтар құнын жоймайтынын тағы еске салды.

Мемлекетімізді бәсекелестікке қабілетті елге айналдыруда сапалы ұлт қалыптастыру маңызды екенін ұмытпайық. Жалпыұлттық құндылықтарымызды ұлықтайық», - деді ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, академик Кәрімбек Құрманғалиев.