Кәрім Мәсімов сот шешіміне апелляциялық шағым түсірді
Мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов сотқа аппеляциялық шағым түсірді, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, іс әлі апелляциялық сотқа түспеген.
Айта кетсек, Мәсімовпен бірге сотталған оның бұрынғы орынбасарлары да аппеляциялық шағым түсіргені хабарланды.
-->Мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов сотқа аппеляциялық шағым түсірді, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, іс әлі апелляциялық сотқа түспеген.
Апелляциялық шағым түсті, бірақ іс апелляциялық сотқа әлі келіп түскен жоқ. Іс «Аса құпия» режимінде қаралғандықтан, басқа мәліметтер жария етілмейді, - деді қалалық соттан.
Айта кетсек, Мәсімовпен бірге сотталған оның бұрынғы орынбасарлары да аппеляциялық шағым түсіргені хабарланды.