Әлеумет

Көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды?

Былтыр әйелдер вагондарында 114 мыңнан астам адам жол жүрген, деп хабарлады Elorda.info.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, көпбалалы отбасыларға жалпы сомасы 339,4 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде қазан айында 534,9 мың отбасына 35,4 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленген.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. 

Көпбалалы отбасыларындағы:

- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.

Еске салайық, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.

Министрлік өкілдері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артқанын атап өтті.

-->