«Күміс жас» жобасы: 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты
Жыл басынан бері 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 15 148 адам «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналастырылды, деп хабарлады Elorda.info.
50 жастан асқан және зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтар аталған жобаға қатыса алады. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.
«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге сондай-ақ зейнеталды жастағы азаматты зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыспен қамтуға міндетті.
«Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Түркістан (2 103 адам), Алматы (1 098 адам), Қарағанды (1 092 адам) және Ақтөбе (1 056 адам) облыстарында байқалады.
Қазақстандықтардың көбі жобаға оң бағасын беруде.
Жобаға қатысушының айтуынша, «Күміс жас» жобасы оған өзін сұранысқа ие жұмысшы ретінде сезінуге мүмкіндік берді.
Бүгінгі күнде Қарағанды облысында «Күміс жас» жобасы бойынша 1 092 адам жұмыспен қамтылып, оның 82-сі тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.
-->50 жастан асқан және зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтар аталған жобаға қатыса алады. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.
«Күміс жас» жобасын қаржыландыруды еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушінің жоба шеңберінде жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру жолымен жүзеге асырады.
Субсидиялардың мөлшері жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды, - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында.
«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге сондай-ақ зейнеталды жастағы азаматты зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыспен қамтуға міндетті.
«Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Түркістан (2 103 адам), Алматы (1 098 адам), Қарағанды (1 092 адам) және Ақтөбе (1 056 адам) облыстарында байқалады.
Қазақстандықтардың көбі жобаға оң бағасын беруде.
Менің жасым 57-де, инженер мамандығын игергенмін. Жұмыссыз болғандықтан мансап орталығының көмегіне жүгіндім. Онда жұмысқа орналасудың бірнеше нұсқалары ұсынылды, соның ішінде «Күміс жас» жобасы да болды. Мен «ДЕДАЛ» ЖШС оқу орталығында алғашқы қысқа мерзімді оқудан өттім, содан кейін сол фирмаға арнайы киім тігуші болып жұмысқа орналастым, – деді қарағандылық Владимир Ким.